Аудандық мәслихат депутаттарының назарына


Үстіміздегі жылдың 14 мамырында аудандық мәслихаттың  тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

         Күн тәртібінде ҚР Бюджет Кодексінің 132–бабына сәйкес «Аудан әкімдігінің дербес бөлімдерінің 2020 жылға арналған бюджет қаржысының игерілуі, Арал ауданының даму бағдарламасы бойынша индикаторларының орындалуы және қала, кент, ауылдық округтердің 2020 жылға арналған бюджет қаржысының атқарылуы туралы»  мәселелер қаралды.

         Күн тәртібіндегі мәселер бойынша аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Тасқынбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ж.Жұбанов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Мәмбетов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Махмут, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Ахметов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т.Әлжанов, аудандық мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы А.Байзахов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова, Арал қаласының әкімі А.Тасқынбаев, Сексеуіл кентінің әкімі С.Төрешов, Жақсықылыш кентінің әкімі П.Берсүгіров, Аққұм ауылдық округінің әкімі Н.Жандаулетов, Сазды ауылдық округінің әкімі С.Сүлейменов, Сапақ ауылдық округінің әкімі Ж.Жалғасбеков, Аралқұм ауылдық округінің әкімі К.Жанназаров, Қамбаш ауылдық округінің әкімі Н.Ділмағанбетов, Ақирек ауылдық округінің әкімі А.Ниязымбетов, Бекбауыл ауылдық округінің әкімі Ә.Сейітов баяндамалар жасады.

       Бірлескен тұрақты комиссиялар отырысында депутаттардың ұсыныс – пікірлері ескеріле отырып, тиісті қаулы қабылданды.