Хабарландыру

Хабарландыру

Қоғамдық     кеңесті   қалыптастыру    жөніндегі   жұмыс   тобы        

Арал аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамынан шыққан мүшелердің орнына кандидаттар бойынша конкурс жариялайды. Кандидат ретінде он сегіз жасқа толған Арал ауданында тұратын және осы заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген:

сотталғандығы болмауы;

сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс

және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы;

Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе

уытқұмарлыққа байланысты денсаулық ұйымдарына есепте тұрмауы сияқты талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы

коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және

(немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Заңның 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңес мүшелігіне жарияланған конкурсқа жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы және уақыты:

Арал қаласы, Астана көшесі, №33 үй, Арал аудандық мәслихаты, байланыс телефоны: 8(72433) 2-16-61, электронды мекен жайы: aral_masli73@mail.ru

Қабылдау уақыты: сағат 9:00-ден 19:00-ге, үзіліс: 13:00 - 15:00-ге дейін.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы