Хабарландыру

ҚАУЛЫ №АСК - 30

 

 Қызылорда облысының Арал аудандық

 мәслихатының депутаттарын сайлау

 жөніндегі сайлау  округін құру туралы

 

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 6 тармағына, 24-бабының 4 тармағына, 22-бабына сәйкес Арал аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1.Қызылорда облысы Арал ауданы аумағының шекарасында Арал аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.

       2.Қаулы тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

 

                Арал аудандық сайлау

             комиссиясының төрағасы                              Т.Дәрменов

 

                 Арал аудандық сайлау

             комиссиясының хатшысы                             Ш.Бисеналиева