2018 жылға арналған Арал ауданы бюджетінің және аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептер туралы талдау

2018 жылға арналған Арал ауданы бюджетінің және аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есептер туралы талдау

Аудандық бюджеттiң шығындары бойынша 2018 жылы түзетілген жоспары 14147410,1 мың теңге болып белгiленсе, ол 14140307,2 мың теңгеге немесе 99,9 пайызға атқарылған.

Игерілмеген қаражат көлемі 7102,9 мың теңге құраған және               2017 жылғы атқарылмаған қаражат көлемі 38719,9 мың теңгемен салыстырғанда 81,6 пайызға кеміген, ал қаражаттың игерілу көрсеткіші    2017 жылғы 99,7 пайыздан 0,2 пунктке жоғарылап отыр.

Арал ауданы бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің 2018 жылдың қорытындысымен дебиторлық берешектері 27,4 мың теңге құрап, 2017 жылдың нәтижесімен салыстырғанда 21,0 мың теңгеге кемісе, кредиторлық берешектері 2706,4 мың теңге құрап, 2017 жылдың нәтижесімен салыстырғанда 63146,4 мың теңгеге немесе 24 есе азайған.

Демек, аудандық бюджеттің атқарылуы барысында дебиторлық және кредиторлық берешектерді басқаруда оң тенденциялар орын алғандығын байқауға болады және бюджетті атқару бойынша жергілікті уәкілетті органның аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп атқарған оң нәтижелі жұмысы айқындалып тұр.

2016-2020 жылдарға  арналған  Арал  ауданының  даму бағдарламасы бойынша 2018 жылы 6 нысаналы индикаторлардың орындалуына қол жеткізілмеген. 2017 жылы 7 индикатор көрсеткіштері орындалмай қалған еді.

Атап айтқанда:

1.Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі мақсатты индикатор (3.1.2) жоспар бойынша 105,0 пайыз болса, нақты орындалғаны 102,8 пайыз. Себебі жеңіл және пластмасса өнімдеріне сұраныстың төмен болуынан болып отыр.

2. Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мүйізді ірі қара және ұсақ мүйізді мал басының үлесі (3.1.3. 6.1.) мүйізді ірі қара бойынша жоспар    33,0 пайыз болса, нақты орындалғаны 26,8 пайыз және (3.1.3. 6.2) ұсақ мүйізді мал бойынша жоспар 35,2 пайыз болса, нақты орындалғаны           19,0 пайыз.

Тұқым түрлендіру бойынша (3.1.3. 7.1) мүйізді ірі қара бойынша жоспар 32,5 пайыз болса, нақты орындалғаны 1,6 пайыз. Жоспардан төмен болу себебі, 2018 жылдың қазан айынан бастап, 25 бас аналық сиырға 1 бас асыл тұқымды бұқадан болуына және 58 бас асыл тұқымды бұқаның мерзімі өтуіне байланысты, ақпараттық жүйеге тіркелген 3988 бас аналықтан тек қана 321 бас аналық сиыр тұқым түрлендіруге қатыстырылған.  Дәл осылай, (3.1.3. 7.2) ұсақ мүйізді қара бойынша жоспар 33,5 пайыз болса, нақты орындалғаны 0,7 пайыз, өйткені, 193 бас аналық қой тұқым түрлендіруге қатыстырылған.

3. Шағын және орта бизнес, сауда. Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі (3.1.4) жоспар бойынша 86,0 пайыз болса, нақты орындалғаны 84,3 пайыз. Аудан бойынша 4237  шағын  кәсіпкерлік  субъектісі  тіркелсе, оның 3571-ы жұмыс  жасап  тұр.

4. Денсаулық сақтау (3.2.2.32). Нәресте өлім-жітімін төмендету жоспар бойынша 7,6 пайыз болса, нақты орындалғаны 9,1 пайыз;

Есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен нашақорлық есепте тұратын адамдардың саны (3.2.2.34) жоспар бойынша 66,9 пайыз болса, нақты орындалғаны 73,4 пайыз. Себебі, есірткіні залалды тұтынумен және оған тәуелділікпен нашақорлық есепте тұратын адамдардың саны 100000 тұрғынға шаққанда 3,9 дейін жоғарлаған.

5. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (3.2.3.43). Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) жоспар бойынша          96,8 пайыз болса, нақты орындалғаны 94,1 пайыз. Себебі, қамтылуға тиісті  321 адамның 302-і  арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылып отыр.

6. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп (3.3.1.54). Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы жоспар бойынша 7,1 пайыз болса, нақты 7,3 пайыз құрап, көшелерде жасалған қылмыстардың саны артып отыр;

Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы (3.3.1.56) жоспар бойынша 1,3 пайыз болса, нақты 7,4 пайыз құрап, жасөспірімдер арасындағы   қылмыстылық артып отыр;

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың қайтадан жасаған қылмыстарының үлес салмағы (3.3.1.57) жоспар бойынша 32,0 пайыз болса, нақты орындалғаны 44,7 пайыз құраған, сол себепті, бұрын қылмыс жасаған адамдардың қайтадан қылмыс жасау (рецидив) көрсеткіші артып отыр. Бұл ретте, полиция органдарының жұмысын жандандыруға, әсіресе, оқу-тәрбие мекемелері мен басқа да мүдделі органдармен және ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жасөспірімдер мен жастар арасында түсіндіру, үгіт-насихат, қылмыстардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды үнемі жүргізуге, бақылау шараларын күшейтуге назар аудару қажет.

Жоғарыда аталған 2017 жылдың қорытындысымен қол жеткізілмеген    7 нысаналы индикаторлардың ішінен есепті жылдың қорытындысымен де қол жеткізілмей қайталанып отырғандары келесі индикаторлар:

- өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі  (2017 жылы жоспар 107,5 пайыз, нақты орындалғаны 100,1 пайыз).

- тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі (2017 жылы жоспар 85,0 пайыз, нақты орындалғаны 80,6 пайыз). 

- бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы  (2017 жылы жоспар 20,0 пайыз болса, нақты орындалғаны        21,2 пайыз).

Айтылғандар негізінде жергілікті атқарушы орган өз жұмысында аталған индикаторлар бойынша түбегейлі шаралар қабылдап, олардың нәтижелі іске асырылуына баса назар аударуы қажет.

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуында да біршама кемшіліктер орын алған. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытынды есебінде берген тұжырымдар мен ұсынымдарында Арал қаласынан басқа дербес бюджеті бар барлық әкімдіктерде есепті жылы коммуналдық мүлік деңгейіндегі объектілерді мүліктік жалдауға келісімшарттар жасалмағанын атап көрсеткен. Арал қаласы, Жақсықылыш мен Сексеуіл кенттері, Қарақұм, Аманөткел, Октябрь ауылдық округтің бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есептілік нысанында және түсініктеме жазбада қателіктерге жол беріліп, есептіліктің бұрмалануына әкеліп соққан. Дербес бюджеті бар әкімдіктердің есеп қызметкерлеріне әлі де методикалық көмек көрсетіп, жауапкершілігін арттыру қажеттілігі туындауда.

Жоғарыда аталған ескертпелерді назарға ала отырып, Арал ауданының 2018 жылға арналған аудандық бюджетінің және аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы қанағаттанарлық деп бағаланды.