«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ІШКІ КОНКУРС

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін
ІШКІ КОНКУРС

 

            Е-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

            Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

            3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегі басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

            6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

            7) ғылыми дәрежесінің болуы;

            8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

                "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы                  №85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы                             21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.

            

 

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

E-2

134 917

182 388

«Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі (120100, Арал ауданы, Арал қаласы, Астана көшесі 33 үй, анықтама үшін байланыс телефон/факс:                   8 724-33-2-45-61, 8 724-33-7-91-00 (3341)  электронды  пошта aral_masli73@mail.ru)                «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

 

«Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы, (E-2 санаты, 1 бірлік, № 02-1)

Негізгі функционалдық міндеттері:

            Аудандық мәслихат аппаратының жұмысына басшылық жасау.

            Мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған мәселелерді зерттеп, сессияның күн тәртібіне ұсыну. Сессиялар мен тұрақты комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру, мәслихаттың ұйымдастыруымен өтетін мәжіліс-жиындардың хаттамаларының жүргізілуіне, құжаттарының әзірленуіне басшылық жасау.

            Мәслихатқа келіп түскен ұсыныстардың, хаттардың, арыздардың уақытылы қаралуын қадағалау, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарын әзірлеуге, іс жүргізілуіне басшылық ету. Аппарат қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдеп талаптарының,жұмыс режимінің қатаң сақталуын қадағалау. Олардың біліктілік деңгейін көтеру, аттестациялау жұмыстарын ұйымдастыру. Мәслихат шешімдері мен мәслихат хатшысының өкімдерін тіркеу және олардың орындалуын қадағалау. Нормативтік құқықтық актілердің әділет органдары арқылы мемлекеттік тіркеуден өтуіне, жариялануына басшылық жасау. Аппарат қызметкерлерінің жеке іс-қағаздары мен еңбек кітапшаларына жазба түсіру, олардың дұрыс жүргізілуіне басшылық ету.

            Мемлекеттік әкімшілік қызметтегі бос лауазымдарға бекітілген ережеге сәйкес конкурстарды өткізуді ұйымдастыру, қызметкерлерді марапаттауға немесе оларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізу.

            Аудандық мәслихатты материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету, қаржы, шаруашылық қызметтеріне басшылық жасау.

 

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе ауылшаруашылығы ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесеәлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім..

            Құжаттар қабылдау мерзімі - 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

            Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

                1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі);

            2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не                       "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.    

            Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны  әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі, индекс 120100, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Астана көшесі, № 33 үй ғимараттың                    3 қабатында өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

            Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

            Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

            Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

            Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

  Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

  Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

  транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                    (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы: ________________________________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________________

e-maіl: ______________________________________________________________________

ЖСН: _______________________________________________________________________

_________          _______________________________________________________________

   (қолы)                                       (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

           

"____"_______________ 20__ ж.