Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы

 Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясы Арал аудандық сайлау комиссиясының шақыруымен 2021 жылдың 15 қаңтарында аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Ұйымдастыру сессиясын аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Дәрменов ашты және аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасына депутат Т.Қанатов сайланды. Бірінші сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Жетінші шақырылған Арал аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясын өткізудің уақытша регламентін бекіту туралы.

2. Арал аудандық мәслихатының хатшысын сайлау.

3. Арал аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру.  

4. Арал аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарын бекіту және олардың төрағаларын сайлау.

5. Аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының төрағасын сайлау.

6. Арал аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясын тіркеу туралы.

Хабарламашы: Т.Қанатов -  «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты ұйымдастыру сессиясының уақытша регламенті бекітілді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты депутаттардың басым дауысымен аудандық мәслихат хатшысы болып Турахметов Базарбай Шөменұлы сайланды.

Күн тәртібіндегі үшінші және төртінші мәселеге байланысты  «Экономика, қаржы, өндіріс, кұрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы, байланыс, экология және табиғатты қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясы құрылды және мүшелері бекітіліп, тұрақты комиссия төрағасы болып Д.Мадинов сайланды. Сонымен қатар, «Жергілікті басқару, білім, мәдениет, спорт, денсаулық, құқық, жастар ісі, әлеуметтік мәселелер» жөніндегі тұрақты комиссиясы құрылды және мүшелері бекітіліп, тұрақты комиссия төрағасы болып А.Асанбаев сайланды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселеге байланысты аудандық мәслихаттың кезекті екінші сессиясының төрағасы болып А.Асанбаев сайланды.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселеге байланысты «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатовтың хабарламасына сәйкес «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Сессия барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, шешім жобалары бекітілді.