Аудандық мәслихаттың кезектен тыс алпыс екінші сессиясы

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс алпыс екінші сессиясы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1.«2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Хабарламашы: Т.Рашев – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

2. «Аудан әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 наурыздағы №69 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Ж.Жұбанов – аудан әкімінің орынбасары.

3. «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 ақпандағы №226 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Хабарламашы: Ж.Жұбанов – аудан әкімінің орынбасары.

Сессия барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, шешім жобалары бекітілді.