Аудандық мәслихаттың кезекті елу тоғызыншы сессиясы

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезекті елу тоғызыншы сессиясы өткізіліп, сессия жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы қатысты. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. Аудан әкімінің есебі.

         Баяндамашы: М.Оразбаев – аудан әкімі.

2.«Аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №106 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Хабарламашы: Ж.Жұбанов – аудан әкімінің орынбасары.

3.«Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының

2018 жылғы 16 сәуірдегі №148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

         Хабарламашы: Б.Жұмағұлов – аудан әкімінің орынбасары

4.«Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру туралы» Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №112 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

         Хабарламашы: Д.Мадинов – аудандық мәслихаттың хатшысы.

5. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Сессия барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, шешім қабылданды. Аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының төрағасы болып №12 «Рысқұлов» сайлау округінің депутаты Бисембаев Темір Алдажұмаұлы сайланды.