АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЕЛУ СЕГІЗІНШІ СЕССИЯСЫ

АРАЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЕЛУ СЕГІЗІНШІ  СЕССИЯСЫ

Үстіміздегі жылдың 24 маусымында Арал аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы мен кезекті елу сегізінші сессиясы болып өтті. Сессияға аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы және жергілікті бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты. Сессияның күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:

          1. Аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың  алдын-алуды қамтамасыз ету бағытында 2019 жылы атқарылған  шаралар туралы.        

        2. Аудан халқының денсаулығын жақсарту мақсатында 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы.

        3.  2020-2021   жылдарға   арналған   жайылымдарды  басқару  және

оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

        4. «Арал ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 ақпандағы № 284 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

        5. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы.

           

        6.Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.