Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс елу жетінші сессиясы

Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс елу жетінші сессиясы өткізіліп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1. «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 желтоқсандағы №289 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Т.Рашев – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

         2. 2019 жылға арналған Арал ауданы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы.

         Баяндамашылар:

         М.Көлдеев – аудандық қаржы бөлімінің басшысы.

         Т.Рәшев – аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

         Р.Мұсабеков - Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

         Ж.Жалғасбеков – аудандық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрағасы.

         3. 2019 жылға арналған Арал қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.

         Хабарламашы: Р.Жанаев – Арал қаласы әкімінің міндетін атқарушы.

         4. 2019 жылға арналған Арал ауданы Сексеуіл кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.

         Хабарламашы: С.Төрешов – Сексеуіл кентінің әкімі.

5. 2019 жылға арналған Арал ауданы Жақсықылыш кенті бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы

         Хабарламашы: П.Берсүгіров – Жақсықылыш кентінің әкімі.

6. 2019 жылға арналған Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті  бекіту туралы.

         Хабарламашы: Н.Ділмағанбаетов – Қамыстыбас ауылдық округінің әкімі.

         7. 2019 жылға арналған Арал ауданы Аманөткел ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.

         Хабарламашы: Қ.Әбдіраманов – Аманөткел ауылдық округінің әкімі.

         8. 2019 жылға арналған Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.

         Хабарламашы: М.Бозғұлұлы – Қарақұм ауылдық округінің әкімі.

         9. 2019 жылға арналған Арал ауданы Октябрь ауылдық округі бюджетінің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы.

         Хабарламашы: Н.Жандаулетов – Октябрь ауылдық округінің әкімі.

         10. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық  мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы №97 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

         Хабарламашы: Ғ.Тоғысова – аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.

11. Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы атқарған жұмысы туралы.

Хабарламашы: Д.Мадинов – аудандық мәслихаттың хатшысы.

         12. Арал аудандық мәслихатының «Жергілікті басқару, білім, мәдениет, спорт, денсаулық, құқық, жастар ісі, әлеуметтік мәселелер» жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі.

         Хабарламашы: А.Асанбаев – комиссия төрағасы.

         13. Арал аудандық мәслихатының «Экономика, қаржы, өндіріс, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, ауылшаруашылығы, байланыс, экология және табиғатты қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмысы туралы есебі.

         Хабарламашы: Ж.Жалғасбеков – комиссия төрағасы.

Сессия барысында күн тәртібіне қойылған мәселелер толық қаралып, шешім жобасы бекітілді.