Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

ЖОБА

Арал ауданының Құрмет грамотасымен

наградтау туралы ережесін бекіту туралы

 

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы               № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса берілген Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Арал аудандық мәслихатының

Арал аудандық

кезекті он сегізінші

мәслихатының

сессиясыныңтөрағасы

хатшысы

________________

____________


<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->


Арал аудандықмәслихатының
2017жылғы______________
№­­­__шешiмiменбекітілген

 

Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

 1. Жалпы ереже

1.Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚазақстанРеспубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін анықтайды.

2. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша талаптар

2.  Арал ауданының Құрмет грамотасымен (әріқарай – Құрметграмотасы) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылым мен мәдениеттегі, білім беру, денсаулықсақтау, құқық қорғау және заңдылықты нығайту, қызмет көрсету салаларындағы, жастарға тәрбие беру жұмыстарындағы, денешынықтыру мен спорттағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттік және өзін-өзі басқару қызметтерін дамытудағы елеулі жетістіктері, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланысты нығайтудағы табысты жұмыстары, қайырымдылық қызметі және аудандағы белсенді еңбегі мен қоғамдық-саяси қызметі үшін және өзгеде сіңірген еңбектерін ардақтау белгісі ретінде аудан азаматтары, сондай-ақ шетел азаматтары наградталуы мүмкін.
3. Құрмет грамотасы:

1) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған;
  2) сот арқылы іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
  3) сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылған;

       4) үміткерді ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік жазасы өтелмеген немесе алынбаған азаматтар наградталмайды.
  4. Құрмет грамотасымен қайта наградтау жүргізілмейді.
  5. Құрмет грамотасы келесі сипаттамада болуы қажет:

1) мұқабаның биіктігінің төрттен біріндей деңгейде ортасына қарай Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан;
  2) ортадан сәл төменірек: "Құрмет грамотасы" – деген сөз жазылған;
  3) оның бірінші бетінде Елтаңба салынған, ал ішкі беттері алтын түстес ұлттық өрнекпен бейнеленген;
  4) ішкі бетіндегі жазулар қазақ және орыс тілдерінде жазылады.
<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->

3. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

6. Құрмет грамотасымен наградтау туралы ұсыным аудан әкімдігіне ұсынылады және онда ұсынылушының тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, білімі туралы, жұмыс орны мен атқаратын қызметі туралы мәліметтер, саладағы және тиісті ұйымдағы сәйкес кәсібі немесе лауазымы бойынша жалпы еңбек стажы, еңбек жолы мен жетістіктері туралы, наградтары мен құрметті атақтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
  7. Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі (тиісті ұйым басшысының қолы қойылып, мөрі басылған) ұсынымдарды еңбек, шығармашылық ұжымдары, қалалық, аудандық өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер атынан олардың басшылары енгізеді және дұрыс енгізілген мәліметтер үшін жеке жауапкершілікте болады.      

8. Құрмет грамотасымен наградтау туралы өз кандидатураларын өз бетімен ұсынған азаматтардан келіп түскен материалдар қаралмайды. 9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімі арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.
Шұғыл жағдайларда аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді Комиссияның қорытындысыз да қабылдай алады.
  10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат хатшысы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.

11. Құрмет грамотасымен наградтауға байланысты құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларымен наградталған тұлғалардың есебін "Арал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жүргізеді.
<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->



<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->