күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА

 

 

 

 

 

 

 

 

«Арал ауданы бойынша коммуналдық

қалдықтардың  түзілуі және жинақталу

нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды

жинауға, әкетуге және көмуге арналған

тарифтерді бекіту туралы» Арал аудандық 

мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы 

№251 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына,  Қызылорда облыстық сотының 2020 жылғы 30 шілдедегі №4360-20-00-2/1046 және                  8 қазан 2020 жылғы   №4399-20-3-3/2617 Қаулыларына сәйкес  Арал аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың  түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы  (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне №6790  нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 30 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) №251 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

 2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.


<!--[if !supportLineBreakNewLine]-->

Аудандық мәслихаттың                              Аудандық мәслихаттың

    сессия төрағасы                                                   хатшысы

 

             ______________                                                Д. Мадинов