Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №112 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

ЖОБА

«Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің

қызметтік куәлігін беру туралы Қағидаларын және оның                              сипаттамасын бекіту  туралы Арал аудандық мәслихатының                  2017 жылғы 8 қарашадағы №112 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің  қызметтік куәлігін беру туралы Қағидаларын және оның                              сипаттамасын бекіту  туралы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №112 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде  №6040 тіркелген 2017 жылы  23 қарашасындағы №99 аудандық «Толқын» газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіде 2017 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Арал аудандық мәслихаты       Арал аудандық мәслихатының

 сессиясының төрағасы                                хатшысы    

 

                   ----------------                                      Д.Мадинов