Арал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Арал  аудандық мәслихатының кейбір  шешімдерінің  күшін

жою туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 7 бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының                  2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Арал аудандық мәслихатының төмендегі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1). Арал аудандық мәслихатының «Арал аудандық ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» 2014 жылғы                    11 сәуірдегі № 153 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4649 нөмірімен тіркелген, аудандық «Толқын» газетінде 2014 жылы 17 мамырда жарияланған).

2). Арал аудандық мәслихатының  «Арал ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек беру туралы» аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі   №153   шешіміне   өзгеріс   енгізу  туралы»   2014 жылғы

5 қарашадағы №192 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4802 нөмірімен тіркелген, аудандық «Толқын» газетінде 2014 жылы 13 желтоқсанда жарияланған).

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

  Арал аудандық мәслихатының             Арал аудандық мәслихатының

         кезектен тыс отыз екінші                                хатшысы

          сессиясының төрағасы

 

                  Т.Қанатов                                                        Д.Мадинов