«Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы»

ЖОБА

 

 

 

 

 

«Арал ауданы бойынша 

пайдаланылмайтын ауыл 

шаруашылығы  мақсатындағы 

жерлерге  жер салығының

мөлшерлемелерін және бірыңғай 

жер салығының мөлшерлемелерін

жоғарылату туралы»  Арал аудандық

мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі 

кезектен тыс қырқыншы сессиясының 

№249 шешімінің күшін жойылды  деп  

тану  туралы

         «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы                                      25  желтоқсандағы Кодексіне,  «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:     

  1. «Арал ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін  жоғарылату туралы» Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №249 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 05 қарашасында  №5211 болып тіркелген, аудандық «Толқын» газетінің 2015 жылғы  11 қарашасындағы  №87 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

 

      Арал аудандық мәслихатының               Арал аудандық мәслихаттың

            сессиясының төрағасы                                    хатшысы   

                     ______________________                                        Д.Мадинов