Бисембаев Темір Алдажұмаұлы

 



Ө М І Р Б А Я Н

                                      

         Бисембаев Темір Алдажұмаұлы Қызылорда облысы, Арал қаласында 1961 жылы 29 шілдеде дүниеге келген.

         №177 орта мектепті 1978 жылы бітірген. Алғашқы еңбек жолын аудандық мәдениет үйінде бастаған. 1980-1982 жылдары Отан алдындағы борышын өтеген. 1982 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтына оқуға түсіп, 1987 жылы бітірген. 2001-2004 жылдары Қызылорда экономика, экология және құқық академиялық университетін тәмамдап, Қызылорда мелиорация, «Арна» АҚ қарасты №13 ЖМК филиалының бас инженері, 1999-2010 жылдар аралығында «Арал-Су-Құрылысы» ЖШС директоры, 2010 жылдан осы кезге дейін «Т-Т Құрылыс сервис» ЖШС-нің басшысы болып қызмет етіп келеді.

         «Атамекен» ҰКП Арал ауданы филиалы кеңесінің төрағасы, аудандық «Нұр Отан»партиясы саяси және қоғамдық ұйымы кеңесінің мүшесі. ҚР Президентінің облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын иеленіп,  Астана қаласының 10 жылдық мерейтойынга орай «Ұлт Даңқы» орденімен марапатталған.

Nur Otan партиясынан сайланған Арал аудандық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты

         Бекітілген аумағы: Арал қаласы аумағында орналасқан              №46 «№220 орта мектеп», №53 Қарлығаш» балабақшасы сайлау учаскелері