Махамбетова Қанағат Әбдіхалыққызы











Өмірбаян 

         Махамбетова Қанағат Әбдіхалыққызы,  1978  жылы   29 тамыз күні  Арал ауданында дүниеге келген.  1988 жылы  Сапақ станциясындағы №69 мектепте бастауыш сыныпты бітіріп, 1988-1992  жылдары  Арал қаласындағы №2 мектеп-интернатта 4-8 сыныптарды оқып, 1995 жылы  №15 мектепті  үздік аттестатпен бітірген.

         2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін инженер-эколог мамандығы бойынша,                                                 2004-2006 жылдары Қазақ  экономика және консалтинг университетін қаржы мамандығы бойынша, 2012-2014 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін педагог-психолог  мамандығы бойынша бітірген.

         2001-2006 жылдар аралығында «Арал теңізі» қоғамдық бірлестігінде ерікті ретінде  жұмыс атқарып, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен отбасы балаларына  түрлі іс-шаралар ұйымдастырған.

2002 жылы Арал аудандық оқушылар Үйіне «Жас эколог» үйірмесінің жетекшісі болып қабылданып, 2006-2007 жылдары «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» мемлкеттік мекемесінде іс-жүргізуші болып, 2007-2016 жылдары Арал аудандық оқушылар Үйінің әдіскер қызметін атқарған. 2016 жылдан бастап оқушылар үйінің директоры қызметін атқарып келеді.

          Жанұялы, 2 баласы бар.

  Nur Otan партиясынан сайланған Арал аудандық мәслихатының жетінші шақырылым депутаты

         Бекітілген аумағы: Арал қаласы аумағында орналасқан №47 Арал аудандық мәдениет орталығы (Жыраулар үйі), №49 «Арал индустриалды-техникалық колледжі» КМҚК сайлау учаскелері.