Мәслихат хатшысы


 

Ө М І Р Б А Я Н 

Дәуренбек Жолдасұлы Мадинов  – 

№14 «Әубәкіров» сайлау округінен 

сайланған аудандық мәслихат депутаты

          Дәуренбек Жолдасұлы Мадинов 1955 жылы Арал ауданы Тұрсынбике елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Арал қаласындағы №13 мектепті бітіріп, сол жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрлысы институтына түсіп, осы оқу орнын 1977 жылы тәмамдаған.

Еңбек жолын 1977 жылы ДСУ-34 мекемесінде жұмысшы болып бастаған. 1978 жылы Қызылорда құрылыс тресіне қарасты ПМК-да шебер, 1980 жылы Арал қаласында орналасқан №62 мостопоезд мекемесінде прораб, 1983 жылдары Қызылорда ауыл шаруашылығы құрылыс тресіне қарасты ПМК-1606 мекемесінде шебер, прораб, 1987 жылдары осы мекемеде бас инженер болып жұмыс жасаған.

         1997 жылы Арал-Сарыбұлақ су құбырын пайдалану басқармасы қалалық бөлімшесінің бастығы, 1997 жылдың қырқүйек айынан басқарма бастығы, 2000 жылы директордың бірінші орынбасары, 2001 жылдан бастап Арал-Сарбұлақ су құбырын пайдалану басқармасының директоры қызметін атқарған. 2006 жылдан бері республикалық меншіктегі «Арал-Сарыбұлақ» топтық су құбыры филиалының директоры, 2011 жылдың қазан айынан бастап Арал-Сарыбұлақ өндірістік бөлімшесінің бастығы, 2012 жылдың наурызынан 2013 жылдың наурызына дейін «Қуанышбек» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2013 жылдың 19 наурызынан 2016 жылдың 25 наурызына дейін Арал қаласының әкімі болған. 2016 жылдың 25 наурызынан осы кезге дейін Арал аудандық мәслихат хатшысы болып қызмет атқарып келеді.

         «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының саяси кеңесінің, саяси кеңес бюросының мүшесі. Облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен, «Нұр Отан» ХДП-ның Құрмет грамотасы, ІІ-дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығы»,   «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»мерекелік медальдарымен және «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталған. Аудандық мәслихаттың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы шақырылымдарының депутаты болып сайланған. 

         Отбасылы, 2 бала тәрбиелеп отыр.

947
---